- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаев: Қазақстан Украинамен сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыруды жалғастыруға мүдделі
Н. Назарбаев: Қазақстан Украинамен сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыруды жалғастыруға мүдделі
Сондай-ақ Украинадағы ахуалды тездетіп реттеудің негізгі жолдары жөнінде пікір алмасты.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенко екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға бағытталған маңызды қадамдарды қарастырды.
Қазақстан Президенті Н.Назарбаев П.Порошенконы өткен Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі келіссөздер мәмілелі шешім іздеу тұрғысынан сәтті болады деп үміттенетінін білдірді.
«Украинадағы жағдай ірі жаһандық қақтығысқа әкелуі мүмкін. Сондықтан біздің ұстанымымыз – қақтығысты тоқтатып, қалпына келтіру үдерісін бастау үшін бітімге келу мүмкіндігін табу», – деді Мемлекет басшысы.
Экономикалық мәселелерге тоқталған Қазақстан Президенті Украинамен еркін саудаға септігін тигізетін екіжақты үкіметаралық комиссия жұмысын жалғастырудың маңыздылығын айтты.
Мемлекет басшысы біздің еліміз Украинамен жақсы қарым-қатынаста екенін және өзара сауда-экономикалық ықпалдастықты ұлғайтуға ниетті екенін жеткізді.
Өз кезегінде П.Порошенко Қазақстан әрдайым Украинаның сенімді досы болғанын атап өтті.
Сондай-ақ, Украина басшысы өз елінің осы бірлескен кездесуге елеулі үміт артып отырғанына тоқталды. П.Порошенко сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа Донбаста бейбітшілік орнату жөніндегі берік ұстанымы үшін ризашылығын білдірді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады