- Басты
- Жаңалықтар
- Индустрияландыру картасы шеңберінде 9 зәкірлі инвестициялық жоба пайдалануға берілді – Өңірлік даму министрлігі
Индустрияландыру картасы шеңберінде 9 зәкірлі инвестициялық жоба пайдалануға берілді – Өңірлік даму министрлігі
Бүгінгі күнге Степногорск, Хромтау, Балқаш, Жезқазған, Арқалық, Екібастұз қалаларында 9 жоба пайдалануға енгізілді.
Құжаттаманы және жабдықты жобалау кезеңінде 32 жоба жатыр», - деді өңірлік даму министрінің орынбасары.
Зәкірлі жоба экономиканың шикізаттық емес секторында кемінде 100 жұмыс орнын ашу көзделген Индустрияландыру картасының орта және ірі инвестициялық жобасы болуы тиіс екенін айта кеткен жөн.
Өскенбаевтың айтуынша, барлығы 25 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашумен және 950 млрд. теңгеден астам жалпы инвестиция көлемімен 47 жоба жоспарланған.
«Бағдарламаға сәйкес әкімдіктер кемінде бір зәкірлік жобаны іске асыруды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл өте маңызды мәселе, моноқалалардың әкімдеріне дербес жүктелген», - деп атап өтті вице-министр.
Қ.Өскенбаев хабарлағандай қазіргі уақытта мұндай жобалар 15 моноқалада жүзеге асырылуда.
Сондай-ақ, моноқалаларда бұрынғы мамандандыруды қалпына келтіру үшiн стратегиялық инвесторды тарту жөніндегі іс-шаралар көзделген.
«Осы бағытта өткен жылы Теміртау қаласында Атырау, Маңғыстау, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері, «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ, «ӨзенМұнайГаз» АҚ, «Қазцинк» ЖШС және «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, «Теңіз Шевройл» ЖШС арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды», - деп қортындылады өңірлік дамудың вице-министрі.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген Моноқалаларды дамыту бағдарламасы осы жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылды.
Бүгінгі күні Қазақстанда моноқалалардың тізбесіне 27 қала кіреді, олардың халқының саны 1,53 млн. адамды құрайды немесе елдің қалалық халқының 16,8 %-ы.
Олардың 16 қаласы тиісті аудандардың әкімшілік орталықтары болып табылады, 11 қаласы аудан орталықтары емес (Степногорск, Текелі, Серебрянск, Курчатов, Шахтинск, Сарань, Қаражал, Лисаковск, Арқалық, Ақсу, Жаңаөзен).
Қазақстан моноқалаларының тізбесін, халқының саны 100 мың адамнан астам Теміртау, Рудный, Жаңаөзен, Екібастұз төрт орташа қаланы қоспағанда, негізінен халқының саны 50 мың адамға дейін шағын қалалар құрайды.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері