- Басты
- Жаңалықтар
- «Жасыл желекті Ақтөбе» байқауына 40 өтінім келіп түсті – әкімдік
«Жасыл желекті Ақтөбе» байқауына 40 өтінім келіп түсті – әкімдік
Ақтөбе облысының әкімдігінде хабарлағандай, «Жасыл желекті Ақтөбе» қалалық конкурсының 7 қатысушысымен танысты. Конкурсқа барлығы 40 өтінім түссе, комиссия оның ішіндегі 22 нысанды қарап шықты.
«2014 жылдың ауласы» номинациясы бойынша аумақты көгалдандыру және көркейту бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарының қорытындысын 12 шағын ауданындағы №54 және Әуеқалашық ауданындағы 29 Д үйлердің кондмоиниумдері көрсетті. «Жасыл қала» номинациясы бойынша өз жетістіктерін №8 мектеп, «Ертөстік», «Еркемай» балабақшасы, «Ақтілек» дәріханасы, «Балақай» дүкені және «Green Land» демалыс базасы көрсетті.
№8 мектеп ұжымы оқушыларымен бірігіп, мектеп территориясында жасыл аймақ жасаған, жазғы демалыста жұмылып, жасыл екпелерге күтім жасайды. Мектеп территориясында көптеген әртүрлі гүлдер, талдар, бұталар бар. Сондай ақ аталмыш мектептегі еңбек пәнінің мұғалімі Әділ Садықовтың жұмысының жемісін назардан тыс қалдыруға болмайды. Ол өз қолымен талдардан мультфильм кейіпкерлерін және жылан, домбыра, «Алтын адам», Бәйтерек, Ақ Орда және т.б. жасаған.
Конкурсқа «Ертөстік», «Еркемай» балабақшасы да қатысуда. Бұл балабақшада балаларды экологиялық тәрбиелеу үшін барлық жағдай жасалынған. Балабақша территориясында көгалдар, гүлдер, талдар, сондай ақ қазақ және орыс тілдерінде көкөністердің атаулары жазылған тақтайшасы бар көкөністер отырғызылған. Балабақшада теннистік алаң, әртүрлі балаларға арналған ойын құрылыстары, кіші сәулет нысандары бар.
12 шағын ауданындағы № 54 үйдің тұрғындары кәсіпкерлермен бірге аула аумағын көгалдандырып қана қоймай, бейнебақылау камералары және прожекторлармен жабдықтаған. «Ақ тілек» дәріханасының иесі Гүлмира Есмағамбетова өз жұмысының нәтижесін көрсетті. Комиссия отырғызылған гүлдердің сирек кездесетіндігіне және әртүрлілігіне мән берді. Бұл гүлдер бизнес нысанын безендіріп қана қоймай, гүлдердің түріне қызығып өтіп бара жатқан тұрғындар таңдануда.
Әуеқалашық ауданындағы № 29 Д үйдің территориясында гүлдер, талдар және т.б. отырғызылған. Үй тұрақты күзетпен және бейне бақылау камераларымен қамтылған. Сондай ақ автокөліктерге арналған жабық паркинг бар. Үйдің тұрғындарды көгалдандыру, көркейту жұмыстарына жұмыла ат салысады.
Шернияз көшесі № 33 үйде орналасқан «Балақай» балаларға арналған киім-кешек дүкені жарық түсті гүлдерімен және қасбетінің қызықты әрлендіруімен бірден көзге түседі.
Кірпішті ауданында орналасқан «Green Land» демалыс базасы да конкурстың қатысушылары атанды. Демалыс базасының ауданы 33 гектарды құрайды, базаның аға менеджері Сәуле Мурзаеваның айтуы бойынша, базаның қоршауының бойына талдар егілген. Базаның аумағында 10 түрлі тал, гүлдер бар, ал көгал барлық аумаққа егілген. Сондай ақ биылғы жылы алма, шие, өрік, қарақат талдарын отырғызған. Осындай көп мөлшердегі жасыл екпелерді комиссия өкілдері бірінші рет тамашалады.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
«Қазақстан мұғалімі»: Өтінім мерзімі, жүлде қоры, талаптары мен шарттары -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған»