• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Байбек: Жемқорлықпен күресте қоғамның билікке деген сенімін арттыру қажет

Б.Байбек: Жемқорлықпен күресте қоғамның билікке деген сенімін арттыру қажет

26 Тамыз, 2014 12:17
Әр азамат жемқорлыққа қарсы күресте өзіндік үлес қосуы қажет, ол үшін халықтың билікке, мемлекетке деген сенімін арттыру қажет, дейді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

«Жемқорлықпен ең үздік деген мемлекеттің өзі, тіпті гүлденген басқарушы партияның өзі жападан жалғыз күресе алмайды. Әрбір азамат бұған үн қосуы қажет. Ол үшін жалпы билікке деген халықтың сенімін қалыптастыру қажет. Сонда ғана әрбір азамат осынау шараға ат салысатын болады», - дейді Б.Байбек.

Партия төрағасы бірініші орынбасарының айтуынша, Қазақстанның әрбір азаматы, «Нұр Отан» партиясының әрбір мүшесі осы құжатты оқи отырып оның шын мәнін ұғына білгені жөн. «Біздің алдымызда үлкен міндеттемелер тұр. Ол әлемнің ең озық отыздығына іліну. Бұл жемқорлықтың түбіне балта жабумен тікелей байланысты», - дейді.

Естеріңізге сала кетейік, 2015-2025 жылдарға арналған жаңа жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасының партиялық жобасы партияның ресми сайтында жарияланған.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар