- Басты
- Жаңалықтар
- 2 млрд жуық долларды АШМ АӨК-нің бизнес субъектілерін сауықтыруға бағыттайды
2 млрд жуық долларды АШМ АӨК-нің бизнес субъектілерін сауықтыруға бағыттайды
«Сауықтыру бағдарламасының басталғанын хабарлаймыз. «Қазагро» тартқан қаражат 2 млрд долларды құрады, оған қоса 1 млрд доллар биыл алынған, келесі жылы тағы да 1 млрд доллар бөлінеді. Барлығы 2 млрд доллар АӨК сақтандыруға тартылады», -деді М.Төлібаев.
Вице-министр түсіндіргендей, қаржылай сауықтыру бағдарламасына қазір ЕДБ-де «қымбат және қысқа» несиелері бар ауыл кәсіпорындары қатыса алады.
«Яғни жылдық 7% астам және қысқа несиелер - бұл 5 жылдан аз. Бұл несиелер шаруалар үшін тым ауыр тиеді деп есептейміз, сондықтан олар ЕДБ-ге біздің сауықтыру бағдарламасына қатысу өтініш білдіре алады», - деп толықтырды ол.
М.Төлібаевтің айтуынша, қаржыны «ҚазАгро» банктерге үлестіреді, ал банктер бұл ақшаға қазір баланстағы несиелерді қайта қаржыландырады.
Бұдан өзге, ол «бұл бағдарлама бір жолғы және өтінімдер 2014 жылдың ортасына дейін ғана қабылданады. Бұл ақпаратты біз банктерге және сайтымызда тараттық. Бір жыл сауықтыруға құжаттар жинауға жеткілікті мерзім» деп айтып кетті.
Ауыл шаруашылығы мәліметіне сәйкес, процедураға 2013 жылдың 1 қаңтарына жағдай бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 7% асатын қарыздары бар ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер және азық-түлік пен қайта өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары жіберіледі. Қаржылай сауықтыру кезінде қарыз мерзімі 9 жылға дейін ұзартылып, сыйақы мөлшері жылдық 7% дейін азайтылуы мүмкін. Қаржылай сауықтыруға қатысу үшін ниет білдірушілер екінші деңгейдегі банктерге және алдында міндеттемелері бар басқа да несие ұйымдарына барулары қажет.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары