- Басты
- Жаңалықтар
- Жоғарғы сотта Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөнінде кеңес өтті
Жоғарғы сотта Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөнінде кеңес өтті
Кеңес жұмысына бейнебайланыс арқылы жергілікті соттар судьялары мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалдарының басшылары қатысты.
Судьялар мен кәсіпкерлер биылғы жылғы 14 тамызда Президент Н.Назарбаевтың Қ.Мәмиді қабылдауы барысында айтылған тапсырмаларды орындау мәселелерін талқылады.
Кеңес жұмысын аша отырып Қ. Мәми кездесу барысында Мемлекет басшысы шағын және орта бизнес субъектілері мен инвесторлардың құқықтарын қорғауда сот жүйесінің айрықша орын алатынын атап өткендігін айтты. Елбасы ауданаралық экономикалық соттардың жұмысын жетілдіруді, кәсіпкерлердің, соның ішінде, шетелдік және отандық инвесторлардың дауларын шешу жөнінде отандық соттардың жұмыс сапасын арттыру туралы тапсырма берді.
Кәсіпкерлерге қарата айтқан сөзінде Жоғарғы Сот Төрағасы «Бүгінгі селекторлық кеңесті осы саладағы түйткілді мәселелерді талқылап, Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шараларын пысықтау мақсатында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен бірлесіп өткізуді жөн көрдік», – деді.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов кәсіпкерлердің соттармен өзара іс-қимылы және осы бағыттағы жұмысты күшейту мақсатында алға қойған жоспарлары туралы айтты.
Кеңес барысында аралық соттар құру мәселесі де талқыланды. Аралық соттардың заңнамалық, ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық базасын қалыптастыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын Ұлттық палата басқа да мүдделі органдармен бірлесіп іске асыруда. Тиісті заң жобасы да әзірленуде.
Қ.Мәми бизнес өкілдерімен және шетелдік компанияның өкілі саналатын тараптармен азаматтық істерді қарау тәжірибесінің өзекті мәселелері бойынша сындарлы әңгіме өрбігеніне тоқталды.
«Мемлекет басшысы кәсіпкерлікті қорғау үшін айрықша назар аударып келеді. Осы ретте айқындаушы рөлді сот жүйесі атқарады. Сондықтан да соттардың негізгі міндеті – өңірлерде аталған санаттағы азаматтық істерді сапалы әрі уақытылы қарау, экономикалық соттар жұмысының тиімділігін арттыру», - деді ол.
Жалпы алғанда кеңеске қатысушылар Мемлекет басшысының кәсіпкерлер мен шетелдік инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған тапсырмаларын сапалы іске асыруды бірлескен жұмыстың нәтижесінде ғана қамтамасыз етуге болатындығын атап өтті.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған