- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуының жаңа қағидалары күшіне енді
Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуының жаңа қағидалары күшіне енді
Қағидаларға өзгерістер енгізуге бастамашы Жергілікті қамтуды дамытудың агенттігі және бірқатар ірі жер қойнауын пайдаланушы компаниялар болып табылады.
«Жаңа редакциядағы Қағидалардағы негізгі жаңашылдық жер қойнауын пайдаланушылардың, оның ішінде тау-кен секторының Қағидалардың 93 тармағының тармақшаларына сәйкес келесідей сатып ал кезінде бір көзден сатып алуды іске асыру мүмкіндігі болып табылады: тауарларды осы тауарлардағы жергілікті қамтудың үлесі кем дегенде 65 (алпыс бес) пайызды құраған жағдайда(көмірсутекті шикізат саласында тауарларды сатып алу үшін); тауарларды осы тауарлардағы жергілікті қамтудың үлесі кем дегенде 50 (елу) пайызды құраған жағдайда(көмірсутекті шикізат саласында тауарларды сатып алудан басқа); моноқалаларда тіркелген жалғыз қала қалыптастырушы кәсіпорын тапсырыс берушінің кәсіпорны болып табылатын қазақстандық ТЖҚ өндірушілерінен ТЖҚ–ны; жылдық көлемі құндық көріністе тиісті қаржы жылына белгіленген жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын ТЖҚ-ны сатып алса», - делінген хабарламада.
Осылайша, жер қойнауын пайдаланушыларда жергілікті қамту бойынша келісімшарттық міндеттемелерді іске асыру мақсатында қазақстандық қамтудың жоғары пайызына ие тауарлардың қазақстандық өндірушілерімен «тікелей» шарт жасауға, сондай-ақ жалғыз қала қалыптастырушы кәсіпорын жер қойнауын пайдаланушының кәсіпорны болып табылатын моноқалаларда тіркелген шағын және орта бизнес өкілдерін қолдауға мүмкіндік туады.
Жаңа редакциядағы Қағидалардағы тағы бір жаңашылдық қатты пайдалы қазбаларға келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың электронды форматқа көшуі болып табылады, бұл бұрын қолданылған қағаз форматынан көптеген артықшылықтарға ие. Өзгерістер барлық сатып алудың жаппай электронды форматқа көшуімен негізделген және сатып алудың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуі тиіс.
Жаңа редакциядағы Қағидаларда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу процесін өзектілендіруге бағытталған басқа да жаңашылдықтар бар.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер