- Басты
- Жаңалықтар
- Музей форумы Қазақстанның барлық өңірінен теңдессіз жәдігерлер жинады
Музей форумы Қазақстанның барлық өңірінен теңдессіз жәдігерлер жинады
Форум қонақтары түрлі қалалардың музей қорларының мақтанышы болатын бірегей экспонаттармен танысып қана қоймай, сонымен қатар театрландырылған қойылымды тамашалап, шараның интерактивті бөлімінің қатысушысы атанды. Мысалға, онда энеолит дәурінің тас құралдарын пайдалану әдісінен хабар беретін қойылымдар қойылып, Астана суретшілері өз өнерлерін паш етсе, музей ісі мамандарына арналған шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.
«Музей форумы – көрме қызметтері әріптестіктерінің қорытындысынан хабар беретін облыстық шағын-композициялар орталықтарының таныстырған 6 көрме жобасының бастамаларының өзіндік деңгейдегі берген есебі іспеттес. Әсіресе, отандық және шетелдік әріптестер арасында «Мәдениет арқылы диалог» жобасы үлкен қызығушылық тудырып отыр. Онда халықтар мәдениеті жан-жақты таныстырылған. Атап айтар болсақ олар Жапония, Үндістан, Германия, Ресей елдерінің мәдениеттерін топтастырған көрме нысандары болып табылады», - дейді Тұңғыш Президент музейінің директоры орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Ботакөз Қайыпова.
Айта кету керек, форумның мақсаты Қазақстанның Тұңғыш Президенті музейінің көрме, әріптестік және әдістемелік қызметтері арқылы елдің музей қызмттерінің көшбасшысы ретінде музейаралық байланыста жеткен жетістіктерін насихаттау.
Шараға әріптес музейлер қызметкерлері қатысты. Атап айтар болсақ, олар дипломатиялық өкілдіктер, өңірлік музейлер мен Астана және Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған өңірлік музейлер. Аталмыш форум әр музей қызметін тереңінен таныстыруға таптырмас мүмкіндік бермек.
Индира Қауметова
-
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
Сарапшы пікірі: "Газ бағасының өсуі - барлық шығынды есепке алғанда түк емес" -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты