- Басты
- Жаңалықтар
- 10 жыл ішінде Тұңғыш Президент музейінде 150-ден астам көрме өтті
10 жыл ішінде Тұңғыш Президент музейінде 150-ден астам көрме өтті
«Аз ғана уақыт ішінде біздің музей айтулы шараларға ат салысып, ауқымды көрмелер мен мәдени шараларды ұйымдастырды. Біздің бастамамызбен қолға алынған 6 ірі жоба, соның ішінде «Мәдениет арқылы диалог» халықаралық жобасы, шығармашылық жастарды қолдау жобасы мен өзге де шаралар өңіраралық және халықаралық деңгейдегі әріптестікті нығайтуда үлкен мәнге ие болды. Тұңғыш Президенті музейінің ашылғанынан бері 154 көрме ұйымдастырылса, соның 26-сы көшпелі көрмелер», - дейді Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті музейінің директоры Алма Сағынғали.
Айта кету керек, Тұңғыш Президент музейі өз қызметінің негізі ретінде Н.Ә.Назарбаевтың бастамаларын насихаттау, теңдессіз мемориалды материалдарды сақтау мен еліміздің қалыптасу және даму кезеңдерінің жәдігерлерін сақтау міндетін қойған.
А.Сағынғалидің айтуынша, музей экспозицияларында Қазақстанның тәуелсіздік кезіндегі дәуірі, ұлт көшбасшысының өмірі мен қызметі, жас елорданың қалыптасу тарихы бірыңғай тарихи процесс ретінде таныстырылған.
«Ғимараттың өзінің мемориалдық негізі Президенттің Астанадағы бірінші резиденциясы қызметін атқару ісін де қатар алып келеді. Осы ғимарат Президенттің халықаралық деңгейдегі айтулы кездесулердің өткен жері ретінде танымал», - дейді музей директоры.
Индира Қауметова
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар