- Басты
- Жаңалықтар
- Несие алу үшін құжаттарды электрондық жүйе арқылы жіберуге болады – ҚазАгро
Несие алу үшін құжаттарды электрондық жүйе арқылы жіберуге болады – ҚазАгро
Холдингте атап өткендей, бұл жаңа енгізілімнің арқасында әлеуетті қарыз алушы еншілес компаниялардың кеңселеріне баруды қажет етпей-ақ қаржыландыруға өтінім беру мүмкіндігін алады. «ҚазАгро» енгізетін Жүйе аграрларды облыс орталықтарына керексіз барудан арылтуға тиіс, осы ретте уақыт және қаржы шығындары біршама қысқартылады. Бұл үшін тек қана интернет желісіне қосылған компьютер мен өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет.
«ҚазАгроның» www.credit.kazagro.kz интернет-порталында қол жетімді несие өтінімдерін жинау және өңдеудің жаңа жүйесі алғашқы кезеңінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ лизинг бағдарламасы бойынша қаржыландыруға өтінімдер қабылдайды. Ағымдағы жылдың аяғына дейін қызмет «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ несие бағдарламаларының барлық түрлеріне де қолжетімді болады.
Электрондық форматтағы несие өтінімін беру процессі мынадай кезеңдерден тұратын болады: «ҚазАгро» ұлттық холдингінің интернет-порталындағы клиент электрондық өтінімді толтырады, бұл ретте құжаттардың бөлігі электрондық үкімет порталынан автоматтық режимде жүктеледі, ал автоматтандырылмаған құжаттар пайдаланушының компьютерінен жүктеледі және ЭЦҚ қол қойылады.
Электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылғаннан кейін қалыптастырылған электрондық несие өтінімі тиісті еншілес ұйымға түседі. Несие өтінімдерін қарастыру нәтижесін қарыз алушы холдингтің порталындағы жеке кабинетінен бақылай алады. Бұдан басқа, клиент «онлайн-режимде» несие менеджеріне хабарлама жібере алады, қажет болған жағдайда несие өтінімдерін құжаттармен толықтыра алады.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады