• Басты
  • Астанаға «Әлем дәрігерлері ядролық соғысты болдырмау үшін» велошеруінің қатысушылары келді
25 Тамыз, 2014 09:01

Астанаға «Әлем дәрігерлері ядролық соғысты болдырмау үшін» велошеруінің қатысушылары келді

Астана қаласына «Әлем дәрігерлері ядролық соғысты болдырмау үшін» велошеруінің қатысушылары келді, деп қалалық әкімдікте хабарлады.
Астанаға «Әлем дәрігерлері ядролық соғысты болдырмау үшін» велошеруінің қатысушылары келді

14 тамызда Семей қаласынан 8 елден шетелдік және қазақстандық медицина саласында оқитын студенттер және жас дәрігерлердің «Біз – қарусыздану, ядролық қарусыз бейбіт әлем және жалпыға бірдей денсаулық үшін » ұранымен велосапары басталды, ол Астана қаласында 24 тамызда мәресіне жетпек.

«Әлем дәрігерлері ядролық соғысты болдырмау үшін» Халықаралық қозғалысының негізі 1980 жылдың желтоқсанында Гарвардтың жалпыға бірдей денсаулық институтының кардиология профессоры Б.Лаунмен және ресейлік кардиологтар Е.Чазовпен  және Л.Ильинмен  салынған.

IPPNW денсаулық сақтау ісі қызметкерлерінің бүкіләлемдік федерациясы, оның қызметі ядролық соғыстың қауіп-қатеріне қарсы қоғамдық пікірді жұмылдыруға және ядролық қарусыздануға көмек көрсетуге бағытталған.

1984 жылы өз қызметі үшін федерация ЮНЕСКО-ның сыйлығына ие болды, ал 1985 жылы «адамзат  санасын бейбітшілік пайдасына бұруға және жұртшылықты дұрыс ақпараттандыру ісіндегі еңбегі үшін» Нобельдің Бейбітшілік сыйлығымен марапатталды.

1985 жылы ұйым қатарында әлемнің 41 елінен 135 мыңнан астам адам болса, 1990-шы жылдардың басында бұл қозғалыс 60 шақты елден 200 мыңнан астам адамды біріктірді. Қазір IPPNW қатарына 65 мемлекеттен дәрігерлердің топтары енеді.

ХХ1-ші Конгресс жұмысына әлемнің 50 елінен 500-ге дейін делегат (дәрігерлер, халықаралық ұйымдардың, ядролық соғысқа қарсы қозғалыстардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, белгілі саяси және қоғам қайраткерлері, сарапшылар) қатысады деп жоспарлануда.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды