- Басты
- Жаңалықтар
- Семейде ауыл жобаларын қаржыландыру қорының бөлімі ашылды
Семейде ауыл жобаларын қаржыландыру қорының бөлімі ашылды
Бөлім Абай, Бесқарағай, Бородулиха аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, жергілікті жерлер мен Семей қаласына қарасты адамдарда қызметке жүгіне алады, жалпы саны 400 мыңға жуық адам бар.
Айта кетерлігі, ауыл шаруашылығы жобаларын қаржыландыру қоры 2007 жылдан бастап ауылдық тауар өндірушілеріне шағын несие берумен айналысады. Несиелер 14 облыстық филиал және шағын несие беретін ұйымдар арқылы берілетін болады. Оған қоса, қордың негізгі аудиториясы шағын бизнес өкілдері болып есептеледі.
«2013 жылы осы сынды филиалдарды Астана мен Талдықорған қалаларында аштық. Семейдегі бөлім үшінші мекеме. Біздің қызметкерлер кеңес беруден бастап несие ресімдеуге дейінгі қызметтерді атқарады. Бұл күннен бастап аудандық және ауылдық тұрғындар несие алуда қиыншылық көрмейді деген үміттеміз», - деді Қордың басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаев.
Жалпы, «Ауыл шаруашылығын қолдаудың қаржылық қоры» АҚ несиелік портфелі 41,5 млрд теңгені құрайды, белсенді қарызгерлер саны -20 681 адам. 1-ші жарты жылдық бойынша қор 11,5 млрд теңге тұратын 3 737 несие берді.
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі