Астанада жаңа логистикалық қойма кешені ашылады

23 Тамыз, 2014 12:36
Астанада ірі кәсіпорын логистикалық қойма кешені іске қосылады. Қойма 6258 шаршы метр ауданды алып жатыр, деп Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы хабарлады.

Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Мейірбек Мажитовтың айтуынша, Бұл Астанадағы ірі қоймалардың бірі. Азық-түлік саласын дамыту аясында оның ашылуы аса маңызды болып табылады. Кешен өндірісті дамытуға, қайта өңдеуге және елордаға азық-түліктер жеткізуге өз үлесін қосады. Аталған кәсіпорынның ашылуы Астанада кәсіпкерлікпен айналысудың тартымдылығын тағы да бір мәрте дәлелдейді.

Қойма кешені 1,7 га орналастырылған, қойманың жалпы ауданы 6 258 кв/м,2 780 кв/м төмен температуралы камералар, 2 372 кв/м температурасыз камералар, қойма 8000 орынға есептелген. 

Барлық жаңалықтар