- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда Ермек Серкебаевтың құрметіне мемориалды тақта орнатылды
Алматыда Ермек Серкебаевтың құрметіне мемориалды тақта орнатылды
Қала әкімдігінде хабарлағандай, шараға қала әкімі Ахметжан Есімов, опера әншісінің туған-туыстары, өнерін бағалаған достары және мәдениет саласының зиялы қауым өкілдері қатысты.
Шаһар басшысы Ермек Серкебаевтың еліміздің ән өнеріне қосқан айрықша үлесіне тоқталып, опера әншісінің ел есінде мәңгі сақталатынын атап өтті.
«Ермек Бекмұхамедұлы – ұлағатты ұстаз, Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның профессоры ретінде көптеген шәкірт тәрбиелеп, өзіндік ән мектебін қалыптастырды. Өмірге бірнеше ғасырда бір келетін ұлы әншінің есімі қазақ мәдениетінің тарихында алтын әріппен жазылып, ерекше ою-өрнекпен көмкеріледі. Қайталанбас, біртуар талант иесі қазақ халқының жадында мәңгі қалатыны анық», - деді Ахметжан Есімов.
Ермек Серкебаев «Отан», 2 рет «Ленин», «Октябрь Революциясы» және «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен және тағы басқа көптеген наградалармен марапатталды. КСРО (СССР) және Қазақстанның Жоғарғы Кеңестеріне бірнеше мәрте депутат болып сайланды.
Мемориалды тақта Бөгенбай батыр мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында, Ермек Серкебаев тұрған үйдің қабырғасына орнатылды.
-
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Қорғаныс министрлігінде Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті -
Алматыда карантин шараларының сақталуын бақылау күшейтілмек -
Алматыда 35 мыңға жуық адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасты -
А.Салиев: Елде вакцина шығару логистикалық шығынды қысқартуға, медұйымға тез жеткізуге мүмкіндік бермек -
Балабақшалардағы кезекті азайту: Алматыда балабақшаларда 20 мыңнан астам жаңа орындар ашылады -
Алматыдағы эпиджағдай: Тұрақтандыру қорында 8 млн дәрі-дәрмек бар, 3 көпсалалы клиника салынбақ -
Биыл Алматыда медициналық кадрларды даярлауға қаржы көбірек бөлінді -
Алматыда балаларға тегін қосымша білім беруге көңіл бөлінбек