М.Тәжин көлік және коммуникация министрі А.Жұмағалиевті қабылдады

9 Қыркүйек, 2013 19:04
Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Кездесу барысында А.Жұмағалиев азаматтық авиация саласында ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Марат Тәжин министрге әуежайлар мен әуе компанияларында жолаушыларға қызмет көрсетудің ақпараттық стандарттарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударуды тапсырды.

Барлық жаңалықтар