• Басты
  • Жаңалықтар
  • Атбасарда су тасқынынан кейін мектепті қалпына келтіруге 134,9 млн теңге жұмсалды- әкімдік

Атбасарда су тасқынынан кейін мектепті қалпына келтіруге 134,9 млн теңге жұмсалды- әкімдік

22 Тамыз, 2014 16:52
Атбасар қаласында су тасқынынан қирап қалған №1 орта мектеп күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды.

Ақмола облысы әкімдігінен хабарлағандай, пайдалануға берілген №1 мектеп су басқаннан кейін күрделі жөндеуді қажет етті.

Бүгінгі таңда мектеп толығымен дайын, жобаны жүзеге асыру үшін 134, 9 млн теңге жұмсалды.

Білім ордасының ашылу салтанатына ҚР ІІМ вице-министрі Владимир Божко мен аймақ басшысы Сергей Кулагин қатысты. Нысан табиғи апаттан туындаған төтенше жағдайды жою жоспары аясында пайдалануға берілді.

Барлық жаңалықтар