- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанды әлемнің 30 дамыған елінің қатарына қосу Еуразиялық форумның басты тақырыбына айналады – Е.Орынбаев
Қазақстанды әлемнің 30 дамыған елінің қатарына қосу Еуразиялық форумның басты тақырыбына айналады – Е.Орынбаев
Оның атап өтуінше, халықаралық жиынға АҚШ, Еуропа, Азия, Латын Америкасы, Африка және ТМД елдерінен 200-ден астам сарапшы қатысатын болады. Қатысушылар қатарында іс басындағы және экс-саяси қайраткерлер, беделді халықаралық эксперттер, бизнес қоғамдастық өкілдері, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, БҰҰ Даму бағдарламасы, Еуропалық комиссия, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық, Жапония ынтымақтастық жөніндегі халықаралық агенттігі сынды халықаралық ұйымдардың басшылары бар.
«Біз ағымдағы жүзжылдықтың бірінші жартысындағы жаһандық сын-қатерлерге қарсы тұру тұрғысында Қазақстанның ұзақмерзімді даму әлеуеті мен болашағы турасында ауқымды пікірталас болады деп күтеміз», - деді Е.Орынбаев.
ҚР Премьер-Министрі орынбасарының сөзіне қарағанда, эксперттер ҚР Үкіметі әзірлеген Қазақстанның 2050 жылға дейін әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруі жобасы мен тұжырымдасын талқыға салатын болады.
«Сонымен қатар форум аясында өңірдегі экономикалық ынтымақтастық, өңірлік сауданы дамыту және инвестиция тарту мәселелері талқыланады», - деді ол.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады