- Басты
- Жаңалықтар
- Елде 2015 жылы 47 жалпы білім беретін мектеп іске қосылмақ
Елде 2015 жылы 47 жалпы білім беретін мектеп іске қосылмақ
«2014 жылы республикалық бюджеттің 51 млрд теңгесіне 73 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2015 жылы республикалық бюджеттің есебінен тағы 47 мектепті іске қосу жоспарлануда. Министрлік апатты жағдайдағы және үш ауысымда жұмыс істейтін мектептерді анықтады. Бұл мақсатта арнайы комиссия құрылды, апатты жағдайдағы және үш ауысымда жұмыс істейтін мектептерді жою үшін 5 жылдық жоспар бекітілді», - деді ол.
Ведомство басшысы хабарлағандай, «министрлік аз қамтылған мектептердің проблемасын шешу жолында арнайы шаралар қабылдады», «оңтайландыру механизмі жасақталды».
«Мектеп инфрақұрылымын жақсартқаннан кейін аз қамтылған мектептер саны азайып жатқаны байқалуда. Бұл мектепті үлкейтумен байланысты, бұл мәселе бірте-бірте шешілетін болады. Аз қамтылған мектептердегі білім сапасын қамтамасыз ету үшін ғаламтор желілерімен қамту, қор орталықтарын жасау және жаңа инновациялық технологияларды пайдалануды қамтамасыз ету қажет», - деп толықтырды салалық ведомствоның басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР БҒМ мәліметі бойынша, 2013 жылы 43 мың орынға арналған 124 жалпы білім беру мектебі іске қосылды. Алайда, республика бойынша әліде апатты жағдайдағы 176 білім ошағы бар. Олардың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында орналасқан. Мектептегі орын тапшылығы 70 мыңды құрады.
Мадина Нұрбекова
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы