Ақтөбеде көгалдарды суарудың жаңа жүйесі орналастырылуда

22 Тамыз, 2014 11:09
Ағымдағы жылы көгалдарды суару бойынша шығындарды тиімділеу үшін 5 аумақта жалпы сомасы 89,4 млн тенгені құрайтын суарудың сплинтерлік жүйесін орналастыру жұмыстарды жоспарланып отыр.

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, суарудың сплинтерлік жүйесі орналастырылған Әуежайдың бөлетін жолындағы бірінші нысан өзін жақсы жағынан көрсетіп, қазіргі таңда Абай даңғылы бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Суарудың сплинтерлік жүйесін орналастыру ең алдымен тиімді және бірқалыпты суаруды қамтамасыз ету арқылы суды үнемдейді, екіншіден бұл жүйе қысылтаяң уақыттағы қаламыздың магистралды көшелерінде су тасушы арқылы жүргізілетін суарудан арылтады.

Жұмыс тәртібі басқару пульті бар компьютерде басылады, яғни көгалдың көлеміне арналған ылғалдылықты есептеу арқылы жоспарланған су көлемі, суару уақыты, жиілік және ұзақтығы бекітіледі.

Барлық жаңалықтар