Алматы облысында 34 мыңнан астам ұстаз қызмет етеді – әкімдік

22 Тамыз, 2014 09:16
Алматы облысында 34961 педагог еңбек етеді, деп облыстың баспасөз қызметі хабарлады.

2013-2014 оқу жылында білім беру ұйымдарына келген жас мамандардың жалпы саны – 851 адамды құраса, оның 639-ы ауыл мектептеріне еңбекке тартылды, оларға 70 айлық есептік көрсеткіш көлемінде көтерме жәрдемақы төленген.

Биылғы жылы бюджеттен бөлінген 6,6 млрд. теңгеге 52 білім мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Амандық Баталов жергілікті бюджетінің едәуір бөлігі білім саласына бағытталып отырғаны, жылдан-жылға материалдық-техникалық базасы нығайып келе жатқаны жайлы баяндады.

 

Барлық жаңалықтар