- Басты
- ЭКСПО-2017 «FourЭ» фестивалінде жарық шоуын көрсетеді
ЭКСПО-2017 «FourЭ» фестивалінде жарық шоуын көрсетеді
21 Тамыз, 2014 19:03
23 тамыз күні «FourЭ» фестивалінде ЭСКПО-2017 халықаралық көрмесі «Менің болашақ қуатым» атты жарық шоуын ұйымдастырады.

«Бұл шоуда кез келген суреттің жобалық беткі қабатын қалыптастыратын 3D mapping технологиясы мен заманауи балет элементтері үйлесім табады. Осы арқылы визуалды керемет иллюзия көрсетіледі», - деп хабарлайды ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ресми сайты.
Шараның басты мақсаты әрбір адамның ішіндегі энергияның тууын көрсету. Онда 4 тақырып қамтылады: Энергия әлемі, Өмір қуаты, Көпшіліктің энергиясы және Менің болашақтағы энергиям.
Естеріңізге сала кетейік, «FourЭ» эко-этнофестивалі жыл сайын open air форматында өтеді. Биыл Алматы маңындағы Іле Алатауы жанындағы тау шатқалында 22-24 тамыз күндері өтеді. Өткен жылдан бері фестиваль Астана ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі қолдауымен өтеді.
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
«Кемеңгер тұлғалардың ұлы аналары» атты кітап жарық көрді
-
Шығыстың жарық жұлдызы – Шоқан Уәлиханов
-
"Еуропа әлемінде" ертегілер кітабы жарыққа шықты
-
Елордада жедел жәрдем қызметі күніне 3000-ға жуық қала тұрғынына көмек көрсетеді
-
ФОТО: Жақында ерекше жандар түскен отандық сериал жарыққа шығады
-
ВИДЕО: Жуырда ерекше жандар түскен қазақстандық сериал жарыққа шығады
-
Нұрлан Қабдайұлының тұңғыш кітабы жарық көрді
-
А. Мамин: Үкімет зардап шеккендерге барлық қажетті көмекті көрсетеді
-
ӨКМ Операторы қайта өңдеу саласына қолдау көрсетеді
-
ҚР АШМ 95 пайыз қызметті - «Электрондық үкімет» арқылы көрсетеді
-
Елбасы идеялары туралы 6 кітап жарыққа шықты
-
Әл-Фарабидің әндері мен шығармаларын жарыққа шығаруымыз керек - Б.Сапарбаев
-
Өңірлер: Құқықтық статистика қандай мемлекеттік қызмет көрсетеді
-
«Елбасы және халқы» кітабы жарыққа шықты
-
Жарық күндегі найзағайдай тосын жайт – Б.Тілеухан

