• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде комитет төрағалары тағайындалды

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде комитет төрағалары тағайындалды

21 Тамыз, 2014 18:32
ҚР Инвестициялар және даму министрі бұйрығымен комитеттер төрағалары тағайындалды. Бүгін Әсет Исекешев оларды министрлік ұжымына таныстырды, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен, төраға болып тағайындалғандар:

1.Аэроғарыш комитетіне – Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы;

2. Автомобиль комитетіне – Пішембаев Мереке Құдайбергенұлы;

3.Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне – Сәрсенов Сәкен Сейтжапарұлы;

4. Индустриалық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне – Ержанов Аманияз Қасымұлы;

5. Геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне – Нұрабаев Базарбай Қанайұлы;

6.Техникалық реттеу және метрология комитетіне – Қанешев Біржан Бисекенұлы;

7. Көлік комитетіне – Асаубаев Әсет Асанұлы;

8. Азаматтық авиация комитетіне – Сейдахметов Бекен Қанелұлы;

9. Инвестиция комитетіне – Хаиров Ерлан Қартайұлы.

Айта кетейік, ҚР Инвестициялар және даму министрілігінің құзыретіне еліміздің индустриалды-инновациялық және ғылыми-техникалық даму мәселелері кіреді. Соның ішінде, өнеркәсіп салаларын дамыту мен инвестицияларды тарту, қазақстандық үлесті арттыру саясатын іске асыру, техникалық реттеу (ИЖТМ-нен); көлік және коммуникациялар (ККМ-нен); өнеркәсіп қауіпсіздік (ТЖМ-нен); байланыс, ақпарат және ақпараттандыру (БАА-нен); ғарыш саласын дамыту (Ұлттық ғарыш агенттігінен) функциялары қосылды.

Барлық жаңалықтар