- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Александр Винокуровқа спортты дамытуға қосқан үлесі үшін құрмет белгісін тапсырды
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Александр Винокуровқа спортты дамытуға қосқан үлесі үшін құрмет белгісін тапсырды
«Бүгінде Қазақстанда велоспортқа деген қызығушылық артып келеді. Бүл, әрине, бірінші кезекте «Астана» велокомандасының және біздің олимпиада чемпионымыз Александр Винокуровтың ерен еңбегінің арқасы», - дейді министр.
Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанның көптеген қалаларында әрбір жексенбіде дерлік көпшілік велошерулер өтіп тұрады.
«Бұл өз кезегінде Қазақстанда салауатты өмір сүру салтанатын ұстану деңгейінің жоғарылағанын хабар береді. Таяуда ғана Мемлекет басшысы «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қаулыға қол қойды. Оның енді елдегі кәсіби спорттың дамуы мен бұқаралық спорттың кеңінен тарауына түрткі болмақ», - дейді ол.
«Алдағы уақытта Қазақстанда спорттың барлық түрлері бойынша осындай бастамалар қолға алынатын болады. Мен бүгін Александр Винокуровқа «ҚР-да дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін құрмет белгісін» табыстаймын», - деді А.Мұхамедиұлы.
Естеріңізге сала кетейік, Александр Винокуров – қазақстандық кәсіби велошабандоз. 2006 жылғы Испанияағы Вуэлтаның жеңімпазы және 2012 жылғы олимпиаданың топтық жарыс чемпионы. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері.
Мадина Нұрбекова
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді