- Басты
- Жаңалықтар
- Жаңа оқу жылында Астана ұстаздарының компьютерлік сауаттылығы артады – әкім
Жаңа оқу жылында Астана ұстаздарының компьютерлік сауаттылығы артады – әкім
«Жаңа оқу жылында барлық мектептерде қала ұстаздарының компьютерлік сауаттылығын арттыру курстарын ұйымдастыратын боламыз. Оқу жылының соңында компьютер және ғаламторды игеру деңгейлерін анықтау мақсатында аттестация жүргізетін боламыз», - дейді И.Тасмағамбетов.
Әкімнің айтуынша, бұл курстар негізгі кеңсе құрылғыларды пайдалану мен таныстырылымдар дайындау және ғаламтор ресурстарының іздеу жүйелерін еркін қолдануына баулитын болады.
«Білім беру басқармасына курстар ұйымдастырып, аттестация жүргізу ережелерін дайындау мен бекітуді тапсырамын», - дейді әкім. «Бұл өте маңызды. Биыл қала мектептеріне жаңа заман талаптарына сай компьютерлер мен тиісті бағдарламалық құрылғылар сатылып алынды», - дейді И.Тасмағамбетов.
Жиын барысында ол елордалық шамамен 11 мыңдай мұғалімнің бар болғаны 12 пайызы ғана ғаламторды еркін қолдана алатынын еске сала кетті.
Соның ішінде 16 пайызы оқу процестерінде компьютерді толыққанды қолдана алса, 45 пайыз мұғалімдердің компьютерлік сауаттылықтары бастауыш деңгейінен ары аспайды. «Елорданың ұстаздар қауымы жаңа заман талабына сай біліктілікке ие болуы қажет», - дейді қала әкімі.
Камила Амирова
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары