Африка құрлығы G-global-мен танысады

21 Тамыз, 2014 13:46
G-global әлемдік жаһандық диалогын қолдаушылардың қызығушылығы күн санап артып барады. Олардың бірі филосифия ғылымының доктары, Гвинея Республикасының Казақстандық-Африкалық Инвестициялық Кеңесінің президенті Ламин М. Диенг, деп хабарлады «Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығы.

Вашингтонда 2014 жылдың тамызында өткен  «АҚШ-Африка» Самитіне африкалық елдердің 47 басшысын қосты. Келелі кеңесте Ламин М. Диенг Гвинея Республикасы Президенті Альфа Кондаға  G-global-дың негізгі ұсыныстарын таныстырды. G-global құрушылар африкалық елдермен Дағдарысқа қарсы жоспарды құруда және оны жүзеге асыруда ынтымақтастық орнату қажеттілігі туралы әрқашан айтып келеді. Жалпы, жоспардың тұжырымдамасы  Астанада 2014 жылы өткен ІІ Дүниежүзілік Дағдарысқа қарсы конференцияда мақұлданды.

Бұдан басқа,  VII Астана  экономикалық форумының пленарлы отырысында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Азия мен Африка елдеріндегі кедейшілікті жою бойынша жол картасын жасақтауды ұсынды. Оның айтуынша, «әлемге экономикалық әлеуеттің барынша пайдаланғаны жөн және жаңа экономикалық толқындарға жол бермеу керек». Африка бүгінде әлемде белсенді және жылдам дамып келе жатқан аймақтардың бірі, сондықтанда оның әлемде болып жатқан жағдайлардың барлығына атсалысуы орынды. Оның үстінеғ Гвинея минералды, гидроэнергетикалық, ауылшаруашылығы қоры бай және ол өз экономикасының дамытуға мүдделі.

 «G-global әлем бойынша саясаткерлердің, ойшылдардың және экономистердің қолдауына ие болуда. Олардың барлығы тең әлемдік ынтымақтастықты қолдай отырып, коммуникациялық платформаның тұрақты қолданушыларына айналуда», - делінген хабарламада. 

Барлық жаңалықтар