- Басты
- Жаңалықтар
- Жекешелендіру аясында шамамен 350 актив бәсекелестік ортаға беріледі
Жекешелендіру аясында шамамен 350 актив бәсекелестік ортаға беріледі
«Бәсекелестік ортаға 782 квазимемлекеттік сектор ұйымы өткізілетін болады. 380-і қайта құрылады немесе біржола жұмыстарын тоқтатады. Жекешелендіруге республикалық меншіктің 29 ұйымы мен 3 нысаны, коммуналдық меншік бойынша 416 ұйым жекешелендіріледі. Ұлттық холдингтер мен компаниялар жекешелендірудің екінші толқыны аясында 337 активті бәсекелестік ортаға шығаратын болады. Соның ішінде «Самұрық-Қазына» қорының 106 активі, «Бәйтерек» холдингінің 15, ҚазАгроның 32, Парасаттың 8, Зерденің2, СПк-ның 174 ұйымы өткізіледі», - дейді.
Сонымен қатар, М.Құсайыновтың айтуынша, ҚР Президенті 2020 жылға дейін мемлекеттің ұлттық экономикаға қатысу деңгейін ЖІӨ-нің 15 пайызына дейін төмендетуді тапсырған.
«Мемлекет басшысы 2020 жылға дейін мемлекеттің ұлттық экономикаға қатысу деңгейін ЖІӨ-нің 15 пайызына дейін төмендетуді тапсырды. Аталмыш стратегияны іске асырудың мемлекеттік саясатының басты қозғаушы күші кәсіпкерлік қызметтерге қазақстандықтар санын барынша молынан тарту. Шағын және орта кәсіпкерлікті жалпыхалықтық әлеуметтік-экономикалық қозғалыс ретінде қалыптастыру», - дейді ол.
Оның айтуынша, жекешелендіру мемлекеттің экономика салаларына араласуын шектейтін бірден бір тетік ретінде жұмыс істейтіні анық.
«Мемлекет түрлі тетіктерді пайдалана отырып, соның ішінде жекешелендіруді қолға алып мемелкеттің экономика салаларына араласу деңгейін төмендетеді. Соның ішінде профилді емес активтерді бәсекелестік ортаға шығару арқылы жұмыс істейді. Бірінші кезекте, бұл мемлекеттің қатысуы қажетсіз болып табылатын салаларға қатысты», - дейді М.Құсайынов.
Индира Қауметова
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Микроқаржы ұйымынан несие алу: Кімге беріледі және шарттары қандай -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит -
Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба қандай нәтиже береді -
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі -
«Ashyq» мобильді қосымшасы: QR-код кімдерге беріледі, оны қайдан, қалай алуға болады -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты