- Басты
- Жаңалықтар
- Астана айналасындағы «Жасыл белдеу» немесе орман қалай пайда болады (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Астана айналасындағы «Жасыл белдеу» немесе орман қалай пайда болады (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Президентіміз Н.Назарбаев бір кездері Астана айналасына жасыл белдеу қалыптастырып, уақыт өте келе оның үлкен орман болуын қадағалауды тапсырған болатын.

Бүгінде бұл идеяның өз деңгейінде атқарылып жатқанын сенімді түрде айта аламыз. Жыл сайын елорда айналасындағы орман көлемі артып келе жатыр. Қазіргі таңда «Жасыл аймақ» РМК 70 мың гектарға көшет отырғызды. Шортанды, Аршалы мен Целиноград аудандарында бұл жұмыс қарқынды жүргізілуде. Аталмыш аймақта 9 млн түп ағаш пен 2 млн-ға жуық көшет отырғызылған.
«Жасыл аймак» РМК ҚР Президентінің Қаулысымен 2002 жылы құрылды. Бүгінге дейін 70 мыңдай ағаш отырғызылды. Соның ішінде 14 мыңды біз қалаға тапсырдық. Онда «Астана орманы» жобасы қолға алынады», - дейді Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында «Жасыл аймақ» РМК жасыл аймақ бөлімінің бастығы Алмат Әлекешов.


Сонымен қатар, А.Әлекешовтың айтуынша, 2020 жылға дейін Астана айналасындағы жасыл белдеу 100 мың гектарға жетпек. Жақында жобаның екінші кезеңіне аяқ басқалы отырмыз. Жалпы, қала айналасының жер жағдайына байланысты, біз ағаш отырғызардан екі жыл бұрын белгіленген жерді алдын ала дайындаймыз», - дейді.
Жасыл белдеу өз кезегінде ағаш пен көшеттер түрінің көптігімен ерекшеленеді. Кәдімгі қарағай, сібір балқарағайы, сібір шыршасы секілді түрлі ағаштар мен теректер орманның өсімдіктің байлығына жол ашады.





«Бірінші кезекте біз іздестіру жұмыстарын жасаймыз. Алдын ала зерттеулердің қорытындысы бойынша қай ағаштың отырғызылуы тиімді екені анықталады. Ағашты отырғызығанынан кейінгі оның өсуі мен айналасына деген әсері де ескеріледі. Тұңғыш егілген ағаштарды біз бес жылға дейін әлі күнге күтіп баптаудамыз. Қысы-жасы ағаштарға ерекше көңіл бөлеміз», - дейді А.Әлекешов.







Айта кету керек, Астана айналасындағы «жасыл белдеу» қаланы ірі орманды шаһарға айналдырмақ. Бұндай бастама Орта Азияда болған емес.
Индира Қауметова
Суретке түсірген Азамат Алиев
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр