- Басты
- Жаңалықтар
- ҮИИД бойынша Ақмола облысында жел электр станциялары құрылысының 2 жобасы жүзеге асуда
ҮИИД бойынша Ақмола облысында жел электр станциялары құрылысының 2 жобасы жүзеге асуда
2012 жылдың 2 тоқсанында «Шеврон Мұнайгаз Инк» корпорациясы тарапынан «Самал» жел электростанциясы (ЖЭС) құрылысы жобасы іске қосылған. Оның мақсаты 50 мВт-тық қуаттылыққа ие «Самал» ЖЭС жобалау, салу мен пайдалануға беру болып табылады.
Жоба экономиканы әртараптандыру, жоғары технологиялы, жаңартылмалы және экологиялық таза электр қуаты өнімдерін дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу саласындағы мақсаттарды қолдауға бағытталған шет елдік инвестициясының қатысуымен Қазақстанда қолға алынған ірі жобалардың бірі. Негізгі құрылғының, жел генераторының өндірушісі мен тасымалдаушысы жел генераторлары өндірісіндегі әлемдік деңгейдегі өндірушілер арасынан таңдап алынады. Жобаның жалпы құны шамамен 54 945 млн теңге болса, құрылыс кезінде онда 100-ден астам адамға жұмыс ашылып, пайдалануға беру кезінде 5-10 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Жоба 2017 жылдың 1 маусымында аяқталады деп күтілуде.
Екінші жоба – «Тұңғыш жел электр станцәиясы» ЖШС-нің 45 МВт-тық қуаттылыққа ие Жел электр станциясы. Ол 2013-2014 жылдар аралығында жүзеге асырылуда. Жобаның жалпы құны 17 670 млн теңге.
«Бүгінге дейін технологиялық жұмыстар құрылысына арналған арнайы техника әкелініп, қалған 16 іргетасты салу бойынша дайындық жұмыстары басталып кетті. 2013 жылы жел генераторы астындағы негізгі 6 іргетастың құрылысы аяқталды. Құрылыс алаңына неміс өндірісі болып табылатын 12 металл мұнара кешені әкелінді. 8 жел құрылғысына монтаж жұмыстары жүргізілді. Ерейментау шағын станциясынан бастап 4 шақырымдық қашықтыққа дейін құрылыс алаңында 10 кВт-тық және KECOG желісінен шағын станцияға дейін 8 шақырымдық қашықтықта 220 кВт-тық желі іске қосылды», - делінген хабарламада.
2014 жылға арналған жобаның жоспарлы қуаттылығы 45 МВт. Құрылыс кезінде онда 50 адамға жұмыс берілсе, пайдалануға берілгеннен кейін 9 адам екі қолға бір күрек таппақ.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар