- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаев Талдықорғандағы ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін кешеннің жұмысымен танысты
Н. Назарбаев Талдықорғандағы ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін кешеннің жұмысымен танысты
Сондай-ақ, Қазақстан Президентіне ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру, сақтау және сатумен айналысатын кешеннің жұмысы таныстырылды.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев облыстың ауыл шаруашылығы еңбеккерлерімен әңгімелесіп, мемлекет ұдайы дамуына көңіл бөліп отырған осы саланың маңыздылығын атап өтті.
Бұл орайда Мемлекет басшысы аграрлық сала өкілдерінің ішкі нарықты қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ете алмай отырғанына тоқтала келе, саланың бірқатар кемшіліктерін атап көрсетті. Қазақстан Президенті инновациялық жобалардың жоқтығына мән бере отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерінің тиімділігі жеткілікті деңгейде емес екенін айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев өңірлік жиынтық өнімнің 65 пайызын облыстың тек екі ауданы – Іле және Қарасай ауданы ғана қамтамасыз етіп отырғанын атап өтті.
«Мемлекет өңір үшін қажеттінің бәрін жасауда. Субсидия, лизингке техникалар берілуде, жалпы қаржыландырудың 75 пайызын мемлекеттен аласыздар. Сөйте тұра сіздердің тараптарыңыздан ешқандай бастама жоқ, ал қолда бар мүмкіндіктер пайдаланылмайды. Қазір Ресейге көкөніс пен жеміс-жидек жеткізуге, сол арқылы табыс табуға болар еді, алайда бұл бағыттағы жұмыс нашар жүріп жатыр», – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті мақсатсыз пайдаланылып жатқан жер учаскелерін анықтау үшін ревизия жүргізу қажеттігін айтты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады