- Басты
- Жаңалықтар
- Атырау облысында сенаттыққа төрт үміткер тіркелді
Атырау облысында сенаттыққа төрт үміткер тіркелді
«Қазіргі таңда Атырау облысында ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына 4 үміткер тіркелді. Олар: Сәрсенбай Еңсегенов – ҚР Парламенті Сенатының қазіргі депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі; Ғылман Сәрсемалиев – «Орал-Атырау бекіре балық зауыты» РМКК директоры; Қамбар Теміров – «Ғылыми-өндірістік жер ресурстары мен жер орталығы» РМКК директоры және Нұрлыбек Өтесінов – жеке сот орындаушы», - дейді Асау Ибрашев.
Оның айтуынша, барлық үміткерлер жоғары білімге ие, өз беттерімен ілгерілеу тәртібімен ілгерілеген және қазіргі таңда осынау үміткерлерді тіркеу науқаны аяқталды.
«Қазіргі таңда үміткерлерді декларациялау тексеріске жіберілді. Жұмыс кестесі алдын ала жоспарға сай жүргізілуде. Оны Орталық Сайлау комиссиясы бекіткен. Облыстық орталық сайлау комиссиясы жеті адамнан құралған және ресми түрде жұмыс істейді», - дейді.
Естеріңізге сала кетейік, Парламент Сенатының сайлауы биылғы жылдың 1 қазанына жоспарланған. Парламенттің жоғарғы палатасына үміткерлерді ұсыну сайлауды бекіткен күнінен кейінгі күнінен басталып, сайлауға тура бір ай қалғанда тоқтатылады. Осылайша, 2 тамыздан бастап Астана мен Алматы, облыс және аудандардағы мәслихат сессиясына өзін өзі ілгерілету тәртібімен жүргізіледі.
Парламенттің жоғарғы палатасына сайланатын 47 адамның 15-ін Мемлекет басшысы тағайындаса, 32-сі мәслихаттар тарапынан сайланады. Әр облыстан және Астана мен Алматы қалаларынан екі адамнан. Олар алты жылдық мерзіммен сайланады. Үш жыл сайын олардың жартысы қайта сайланады.
Мадина Нұрбекова
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау