• Басты
  • Жаңалықтар
  • Аймақтық ҮЕҰ өкілдері «Нұр Отанның» жемқорлыққа қарсы бағдарламасы жобасына ұсыныстар енгізді

Аймақтық ҮЕҰ өкілдері «Нұр Отанның» жемқорлыққа қарсы бағдарламасы жобасына ұсыныстар енгізді

19 Тамыз, 2014 13:06
Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Петропавлда Бауыржан Байбек аймақтық ҮЕҰ өкілдерімен кездесіп, онда партияның жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының жобасы талқыланды, деп партияның ресми порталы хабарлады.

Бағдарламаны алдағы уақытта партияның Саяси Кеңесінің кеңейтілген отырысында қабылдау жоспарлануда. Бұған дейін мәлімделгендей, бағдарлама жобасына қатысты аймақтардағы партия мүшелерінен, сарапшылар қауымдастығы мен интернет қолданушылардан 700-ден астам ұсыныс пен толықтырулар келіп түсті. Өз кезегінде ҮЕҰ өкілдері де өздерінің ұсыныстарын енгізді.

Басқосу барысында партия Төрағасының бірінші орынбасары Бағдарлама жобасының негізгі бағыттарының бірі қоғамдық бақылау болатынына, бұл мәселеде азаматтық қоғам институттарының рөлі шешуші рөл атқаратынына тоқталды. 

Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын Партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында қабылдау жоспарланған.

 

 

Барлық жаңалықтар