- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 2016 жылы электрондық денсаулық төлқұжатты енгізіледі
Қазақстанда 2016 жылы электрондық денсаулық төлқұжатты енгізіледі
Ведомсвтодан хабарлағандай, шара барысында Қазақстан Республикасының 2013-2020 жылдарға арналған электрондық денсаулық сақтау тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде республикада электрондық денсаулық сақтаудың бірыңғай жүйесін құру жайы талқыланды.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің (ДСӘДМ) Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры Светлана Шубина электрондық денсаулық сақтау жүйесін құру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелерімен таныстырды. Қазіргі таңда электрондық денсаулық сақтаудың саясатын анықтайтын, қажетті нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге және енгізуге, медициналық ақпараттармен алмасуға және ықпалдастыруға жауап беретін орталықтандырылған сервистер, қызметтер мен жүйелер жасауды және пайдалануды қамтамасыз ететін институционалдық құрылымдар жасалды. Ортақ платформа құру жұмыстарны 2015 жылы аяқталады.
Министрлік өкілі өз баяндамасында электрондық денсаулық төлқұжаттарын енгізу жайына кеңінен тоқталды.
«Электрондық денсаулық сақтаудың орталық элементі - мемлекеттің әр азаматының электрондық денсаулық паспорты болады. Ол адам денсаулығы, бұрынғы және қазіргі аурулар, сонымен қатар аллергологиялық және имундық ахуалы туралы басты жиынтық мәліметтерді қамтамасыз ететін құралы болып табылады. 2016 жылы электрондық денсаулық паспорттарын ҚР медициналық ұйымдарында енгізілуі жоспарланған»,-деді С.Шубина.
Бұл жүйе бойынша «Ақпарат пациентпен бірге жүреді» қағидасы іске асырылады. Бұл науқасқа көмек көрсету барысында медициналық қызметкерлер арасындағы қарым-қатынасты жеңілдетеді, қай кезде және қандай өңірде жүрмесін, өткізілген диагностикалық және емдеу іс-шаралар туралы ақпаратты алуға және қолдануға мүмкіндік береді.
«Сонымен қатар, ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы 2010 жылдан өзіне бағынысты ұйымдарда медициналық ақпараттық жүйелерді енгізуді бастады», - делінген хабарламада.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды