- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО әкімі аймақтың елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету жағдайын Қазақстан Президентіне жеткізді
ОҚО әкімі аймақтың елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету жағдайын Қазақстан Президентіне жеткізді
Әкім өңірде 2,7 миллион адам тұратын 929 елді мекенді сумен қамтамасыз ету жөнінде жүйелі әрі тұрақты жұмыс жүргізіліп жатқанын баяндаған.
Атап айтқанда, соңғы 5 жылда 253 елді мекенде тұратын 873 мың тұрғын ауыз сумен қамтамасыз етілген. Нәтижесінде су құбырымен қамтылған елді мекендер саны 412-ден (44,3%) 665-ке (71,6%) дейін, ал суға қолы жеткен тұрғындар саны 1,4 миллионнан (56%) 2,3 миллионға (85,1%) дейін өскен.
Сонымен қатар, хабарланғандай, Асар-Қайнарбұлақ суаққысы бүгінгі таңда сусорғы қондырғыларымен толық жабдықталды және 16 шақырым су құбыры мен 10,5 шақырым коллектордың құрылысы аяқталып, елді мекеннің ішкі тораптарына қосу жұмыстары жүргізілуде. Нысанды биылғы 15 қазанда пайдалануға беру жоспарлануда. Оның мерзімін кешіктірген кінәлі тұлғалар жұмыстан босатылған. Өз міндеттемелерін бұзған мердігерге тиісті шара қолданылған.
Сондай-ақ, Сарыағаш ауданының Ынтымақ ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі қыркүйек айында шешілетіні айтылған.
Соңында өңір басшысы халықты ауыз сумен қамтамасыз ету әлеуметтік маңызды бағыт екенін және онымен байланысты Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін қажетті жұмыстардың бәрі жалғастырылатынын атап өткен.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты