Ақтөбе облысының басшысы іс-сапармен Қарғалы ауданына барды

17 Тамыз, 2014 15:02
Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қарғалы ауданына жұмыс сапармен барып қайтты, деп хабарлады аймақ басшысының әкімдігі.

«Қарғалы ауданына жасаған сапары кезінде өңір басшысы алдымен жол бойында орналасқан «Айшуақ» шаруа қожалығында болып, ондағы шаруаның жай-күйімен танысты. Шәмші Қалдаяқов ауылынан 20 шақырым жерде орналасқан бұл шаруашылық мал өсірумен айналысады. Қазір бұл қожалықтың иелігінде 200 гектар аумақты қамтитын жайылымдық жері бар», - делінген хабарламада.  

Қожалық иесі Александр Клаттың айтуынша, шаруашылық мүйізді ірі қара, жылқы, шошқа, қой өсірумен қатар, құс асырайды. Бүгінгі таңда іскер жігіт 800-ден астам тауық пен 300-ге жуық үйрек өсіріп жатыр.

Облыс басшысы өз кезегінде қожалық иесіне түрлі мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, шаруашылықтың ауқымын одан әрі кеңейту жайын айтты.

Барлық жаңалықтар