- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысының әкімі Ақсу қаласындағы тұрғын үй құрылысымен танысты
Павлодар облысының әкімі Ақсу қаласындағы тұрғын үй құрылысымен танысты
Жұмыс сапары барысында аймақ басшысы «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынып жатқан көп пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысымен таныс болды. Әр үй 67 пәтер мен төрт подъезден тұрады. Осы екі нысанға «Грифон-House» ЖШС мердігер болып отыр. Құрылысшылар көшесі, 36 мекенжайындағы тұрғын үй «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша жас отбасыларына арналса, екінші үй жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған азаматтарға берілмек.
"Бұдан басқа, Ақсуда бірнеше шағын ауданның ауласын көріктендіру жұмыстары жүріп жатыр, биыл 12 аула абаттандырылған. Осыған орай аймақ басшысы Қанат Бозымбаев көріктендіру жұмыстары уақытылы жүргізіліп, аулалар тұрғындарға ыңғайлы болулары қажеттігін баса айтты", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, облыс әкімі Ақсу қаласының әкіміне 3 жыл ішінде шаһардағы көп қабатты тұрғын үйлердің 64 ауласын көріктендіруді міндеттеді.
"Сонымен қатар, облыс әкімі қала әкімдігіне шаһарды тұрақты жылумен қамтылуын, 2015 жылы қалалық қазандықтың құрылысына қатысты мәселелерді шешуді, келесі жылдан бастап әр аулаға бейнебақылау камерасын орнату жұмыстарына кірісуді жүктеді", делінген хабарламада.
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр