- Басты
- Жаңалықтар
- Жалағаш ауданындағы қауіпті көпір қайта салынады
Жалағаш ауданындағы қауіпті көпір қайта салынады
Облыс әкімдігінен хабарлағандай, 1967 жылы салынған өткелдің жиектері мүжіліп, жарықшақтар пайда болған. Мамандар оның астыңғы тіреуіш бағанының орнынан қозғалып кеткендігін айтып отыр. Маусым айында аудан әкімінің шешімімен техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған болатын. Содан «ҚазАвтоЖол ҰҚ» АҚ Қызылорда облыстық филиалы күшімен көпірдің асфальт төсеніштерін ротарлы трактормен қыршып, темір бетон құю үшін арматурлармен тоқып, бетон құю жұмыстары жүргізілді. Бұған шамамен 19 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Дегенмен, жұмыстар өз нәтижесін берген жоқ. Қазір аумақ күндіз-түні бақылауға алынған.
"Аудан халқы үшін бұл көпірдің маңызы жоғары. Халықтың 48 пайызы осы көпір арқылы қатынайды. Күзгі егін науқаны жақын қалды. Олар еш кедергісіз жаз бойғы маңдай терлерінің нәтижесін көрулері қажет. Ол үшін көпірді қалпына келтіруіміз керек. Тиісті министрліктер қаржы бөлуге дайын. Енді іске кірісу қажет", - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Алдын ала жоба бойынша көпірге 495 миллион теңге қаржы жұмсалып, құрылыс жұмыстары қысқа дейін аяқталмақ.
-
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
14 маусым - Дүниежүзілік донор күні: Қан тапсыру қауіпті ме -
COVID-19: Вакцина алғандар қайта вирус жұқтыруы мүмкін бе -
Қазақстан және әлем экономикасы қайта қалпына келе бастады -
COVID-19: Созылмалы аурулары бар науқастарға вакцина қалай салынады -
Көктемгі су тасқыны: қауіпті аймақтар, қауіпсіздік шаралары, құтқару тобы мен техникалар -
COVID-19 қарсы вакцинация: кімдерге салынады, кімдер үшін қауіпті, препарат қалай жеткізіледі -
Экономист: Ел экономикасының қайта қалпына келуі үшін шамамен 3-5 жыл керек -
Елордалық ХҚО-лардың жұмыс кестесі қайта өзгерді -
Мамин қайтадан Премьер-министр болып тағайындалды -
COVID-19: Ұлыбританияда қайтадан локдаун, Токио төтенше жағдай жарияламақ -
Медициналық бұйымдарды стерильдеуге арналған радиациялық технология қауіпті ме? -
ХҚО-да өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының жұмысы қайта жанданды -
Педиатр дәрігер: Кавасаки синдромы аса қауіпті емес