- Басты
- Жаңалықтар
- Елші М.Тәжин Россотрудничество басшысымен Қазақстандағы бірлескен жобаларды талқылады
Елші М.Тәжин Россотрудничество басшысымен Қазақстандағы бірлескен жобаларды талқылады
Кездесу барысында К.Косачев Елшіге Агенттіктің қызметі және алдына қойған жаңа тапсырмалары туралы жәнеең негізгісі болып табылатын «шетелдегі әр отандаспен жеке жұмыс істеу, олардың мәдени-гуманитарлық қажеттіліктерін қанағаттандыру» мәселелері жайлы баяндады.
М.Тәжин, өз кезегінде, Агенттік Ресейдің бай мәдени мұрасын шетелде насихаттау бойынша, жалпы гуманитарлық ынтымақтастық саласында әлемнің түкпір-түкпірінде атқарып жатқан белсенді жұмысын атап өтті.
Екі тарап еліміздегі орыс тілінің жағдайын талқыға салып, орыс тілі мемлекет жағынан қолдау тауып отырғанын, қоғам оны аса қажет ететінін, қазақ тілімен бірдей кеңінен қолданылып жатқанын, және де «сыртынан» тиісті қорғау іс-шараларын талап етпейтінін растады.
Сол себепті орыс тілін оқыту жүйесін жетілдіру, қазақстандық мамандарға лингвистикалық машықтану сабақтарын, Ресейдің жетекші театрлар гастрольдерін менфестивальдарын өткізу және дәстүрлі Орыс тілі мен әдебиеті күндерін ұйымдастыру саласында «Россотрудничество» іске асырып жатқан жобалары Қазақстан мен Ресейдің біртұтас мәдени-гуманитарлық кеңістігін құруға маңызды үлес қосады.
М.Тәжиннің айтуы бойынша, «Россотрудничествоның» алдында тұрған тапсырмалар - «ол болашақ ықпалдастық үдерісіне негіз салатын мәдени-рухани сипаты бар мәселелер...... Аумақтарымыздың өркениеттік бірлестігі, мәдени құндылықтарымыздың бірыңғай жүйесі осы жұмысты маңызды мазмұнмен толықтыруға мүмкіндік беруде".
Осы тұрғыда, ҚР Елшісі биыл күзде Мәскеуде жоспарланғанқазақстандықжәне ресейлік жазушыларының кездесуі, Дмитрий Лихачев, Лев Гумилев, қытайтанушы Василий Алексеев секілді атақты ресейлік авторлардың мәдени шығармаларын қазақ тіліне аудару мақсатты бағдарламасын іске асыру тәрізді іс-шаралар жоғарыда айтылған болашақ бірлескен жұмыстың нақты тәжірибесіне айналуы мүмкін деген пікір-ой білдірді. Әңгімелесу барысында Эрмитаж, Третьяковская галерея секілді ірі ресейлік мұражайлардың Қазақстанда, әсіресе Астанадағы жаңа Ұлттық мұражайында дағдылы түрде көрмелерін ұйымдастыру мәселесі талқыланды.
-
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен -
Қазақстандағы миграцияның негізгі тенденциялары -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты -
COVID-19: Қазақстандағы эпидахуал, «қызыл» аймақтағы өңірлер және вакциналау барысы -
Қазақстандағы эпидахуал: Елорда мен аймақтарда карантин шаралары күшейтілмек -
«Қазақстандағы климаттың өзгеруі» байқауы: Шарттары мен талаптары -
Қазақстандағы эпидахуал: Коронавирус жұқтырғандар саны 1,6%-ға азайды -
Әлемдегі және Қазақстандағы электронды сауданың даму перспективалары -
Қазақстандағы эпидахуал: Вирус жұқтырғандар саны, вакциналау және «Ашық» қосымшасы -
ЮНФПА-ның Қазақстандағы құрметті елшісі тағайындалды