Атырау облысының АӨК-де 9900 жұмыс орны ашылды

15 Тамыз, 2014 18:16
2014 жылдың басынан бері Атырау облысының агроөндіріс кешенінде 9900 жаңа жұмыс орны ашылды, деп хабарлады облыс әкімдігінде.

Соңғы екі жылда бізде құны 1 трлн. 600 млрд. теңге болатын 44 жоба жүзеге аса бастады. Оның бір бөлігі аяқталды. Жаңа жобалардың көбі елді мекендерде іске қосылды.

Бұл қуаттылығы тәулігіне 10 мың литрді құрайтын сүт фермасы, ешкі сүтінен өнім жасайтын ферма, жаңа жылыжайлар, бордақылау алаңдары және т.б.

«Аталамыш іс ауылдардан жастардың кетуін төмендетіп, ауылдық жерлердегі демографиялық жағдайды жақсартуға жол ашты», - делінген хабарламада.  

 

Барлық жаңалықтар