Жыл басынан бері 11,5 млн адам тасымалданды – ҚТЖ

15 Тамыз, 2014 18:47
Тамыз айы басталғалы бері пойызды пайдаланушы жолаушылар саны үш пайызға өсті. Биылғы жеті айда барлығы 11,5 миллион адам тасымалданды, деп «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Биылғы жазғы маусымда «Жолаушылар тасымалы»  тәулігіне 65 мың адамға артты. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 16 пайызға жоғары көрсеткіш.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ  тұрғындардың сұранысына барынша жауап беруге талпынуда. Биылғы жылы 102 жаңа вагон өндіріске енгізілді. Астана-Шымкент, Алматы- Ақтөбе жүрдек пойыздары іске қосылды.

Қосымша Алматы-Арыс, Алматы-Достық, Алматы-Көкшетау жолға шықты. Астана-Сарыағаш пен Астана –Лениногорск жылжымалы құрамаларының кестесі жаңғыртылып, арасы жиіленді.

Жазғы маусымға орай Астана-Адлер пойызы сапарға шықты. Жазғы маусымға орай Алматы-Достық, Астана-Павлодар, Астана –Қостанай және бірқатар бағдарларға қосымша вагондар тіркелді. Астана- Қарағанды және Астана- Бурабай  шипажайы  қала-аралық бағдарлары жиіледі. 

Жыл аяғына дейін тағы да үш жүрдек пойыз Астана-Қызылорда, Астана-Өскемен, Алматы – Өскемен маршруттарын жолға шығару жоспарланып отыр.

 

Барлық жаңалықтар