• Басты
  • Жаңалықтар
  • Аршалы ауданында 10-нан астам адам ЖҚЖК бағдарламасы бойынша 32,5 млн теңге несие алды

Аршалы ауданында 10-нан астам адам ЖҚЖК бағдарламасы бойынша 32,5 млн теңге несие алды

15 Тамыз, 2014 16:33
Аршалы ауылында 10 астам адам «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде 32 млн 500 мың теңге несие алды.

Бұл туралы «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында Ақмола облысының Аршалы, Целиноград аудандары бойынша баспасөз турында белгілі болды.

 «Ауданымызда «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020»  бағдарламасының екінші бағыты бойынша 12 адам  32 млн 500 мың теңгеге несиеге алды, ал кезекте  40 адам  тұр, олардың барлығы өз ісін ашқысы келетіндер», - деді Аршалы ауданы Жұмыспен қамту орталығы директорының  міндетін атқарушы Бахыт Сыздықова. 

Бағдарлама қатысушыларының бірі хабарлағандай, аталмыш бағдарлама шын мәнінде өз ісін ашқысы келетіндерге көмектеседі.

«Мен көптің бірі ретінде 90 жылдары саудадан бастадым, алайда әрқашан жеке өз ісіммен айналысқым келді, өкінішке орай қолда оған қаражат болмады. 2011 жылы аталмыш бағдарлама туралы білдім. Осы бағдарлама аясында 3 млн теңгені несиеге алып, сұлулық салонын аштым. Сонымен қатар, 3 адамды жұмыспен қамтыдым. Өте жақсы бағдарлама, несие пайызы да төмен», - деді кәсіпкер Ольга Ларина.

Айта кетерлік жайт, Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020 бағдарламасының екінші бағыты бойынша 2011 жылы 1 қатысушы, 2012 жылы 7 қатысушы несие алды. Ал, 2013 жылы 14 адам 31,2 млн теңгені несиеге алды.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар