• Басты
  • Жаңалықтар
  • Аршалы ауылында мүмкіндігі шектеулі жандардың 70 пайызы жұмыспен қамтылған

Аршалы ауылында мүмкіндігі шектеулі жандардың 70 пайызы жұмыспен қамтылған

15 Тамыз, 2014 16:01
Аршалы ауылында мүкіндігі шектеулі жандардың 70 пайызы жұмыспен қамтылған. Бұл туралы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Ақмола облысының Аршалы және Целиноград ауданында ұйымдастырылған баспасөз турында аудан әкімінің орынбасары Айна Мүсралимова мәлімдеді.

«Ауданда 700 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оның 363 жұмысқа орналасуға ниетті, оның ішінде 115 жұмыспен қамтылған.Жалпы, 50-60 адам жұмысқа орналасқысы келсе оның 34-і жұмыс орнын тапты», - деді ол.

Айна Мүсралимова атап өткендей, мұндай адамдарға еңбек тәртібі  жеңілдетіледі.

«Бұл санаттағы адамдар үшін қиын қызметтер қажет емес, біз оларды көбінесе іс өндірушілер ретінде ұсынамыз.Олар: тәрбиелеушілер, күзетшілер, бала күтушілер. Оған қоса, олар өз кәсіпкерліктерін ашуға шағын несиелер алуда», - деді ол.

Оның айтуы бойынша, ауданда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі тұрақты ұйымдастырылып тұрады, онда жұмыс беруші жұмыс іздеушімен барлығын келісіп алуға мүмкіндік берілген.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар