ШҚО-да 3 жыл ішінде суармалы жерді дамытуға 3,4 млрд теңге бөлінді

15 Тамыз, 2014 15:36
ШҚО-ның Үржар ауданында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен облыстың суармалы жерлерін дамыту бойынша семинар-кеңес өтті. Шараға ҚР АШМ су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев, облыстық және аудандық атқарушы органдардың жетекшілері, қала және аудан әкімдері қатысты.

ШҚО ақпараттық орталығы хабарлағандай, семинарда  жаңадан пайда болаған суармалы  жерлердің таныстырылымы өтті.

Айта кетерлігі, соңғы жылдары облыста гидротехникалық қондырғылар мен су нысандарын қалпына келтіру және жаңғырту бойынша жұмыстар жүруде.

«Соңғы 3 жылда республикалық бюджеттен аталмыш бағыттарға 3,4 млн теңге  бөлінді, суармалы жерлерді 22,1 мың гектардан 90 мың га жеткізу мақсаты қойылған. Суармалы егіншілікке жағдай жасаумен қатар, заманауи технологияларды енгізу жайы да талқылануда», - делінген хабарламада. 

Барлық жаңалықтар