• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада мектеп жәрмеңкесінде оқуға қажетті құралдарды 50% жеңілдікпен алуға болады

Астанада мектеп жәрмеңкесінде оқуға қажетті құралдарды 50% жеңілдікпен алуға болады

15 Тамыз, 2014 13:31
Астанада ағымдағы жылдың 16 мен 23 тамыз аралығында қалалық әкімдіктің алдында Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалалары кәсіпкерлерінің мен тауарөндірушілерінің қатысуымен мектеп жәрмеңкесі өтеді.

«Бәйтерек» медиа-орталығынан хабарлағандай, жәрмеңке «Мектепке жол» жетінші республикалық акциясы аясына ұйымдастырылуда. Онда қала қонақтары мен тұрғындары мектепке қажетті құралдарды 10%-дан 50%-ға дейін жеңілдікпен ала алады.  

Сонымен қатар, қалалық алаңда Оқушылар сарайы ұжымының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Бұдан бассқа, жәрмеңке барысында тұрғындарға кеңес беретін қоғамдық қабылдау жұмыс істейді. 

Барлық жаңалықтар