- Басты
- Жаңалықтар
- КП-нің сарапшылары павлодарлық кәсіпкерлерге кеңес берді
КП-нің сарапшылары павлодарлық кәсіпкерлерге кеңес берді
15 Тамыз, 2014 11:18
Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары аймақ кәсіпкерлеріне «Нұр Отан» партиясы филиалының қабылдау бөлімінде кеңес өткізді.
Шара «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы мемлекеттік көмек алу сұрақтарының бірыңғай күні» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылды, деп ҰКП хабарлады.
Республикалық акция палата кәсіпкерлері мен «Даму» қоры, мемлекеттік органдар мен екінші дәрежелі банктердің диалогтық алаңына айналды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты – мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру және ақпараттандыру.
Кеңес алуға елуге жуық кәсіпкер жиналды. Облыстық кәсіпкерлер палатасының сарапшылары бірнеше сағат бойы акцияға қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, кеңестендірді.
«Кәсіпкерлерді несиелендіру, жаңа қондырғы алуға субсидия жасау, бизнестің ашылуына грант бөлу сынды сұрақтар қызықтырды», - делінген хабарламада.
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды -
Коронавирус: ДСМ вакцина алғаннан кейін қайтыс болған жағдайларға байланысты түсінік берді -
Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес: Ұстаз мәселесін шешудегі рөлі қандай -
Жамбылдағы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне дауыс беру басталды -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі -
Сарапшылар: Түркі Кеңесі ұйымға айналса, түркі елдері арасында ынтымақтастық нығаяды -
Түркі кеңесінің бейресми саммиті: Президенттер ұсыныстары, Түркістан қаласының тарихи маңызы, экономикалық ынтымақтастық -
Ұлт саулығы Ұлттық кеңестің назарында -
Қорғаныс министрлігінде Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті