• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәскеуде Қазақстан мен Ресейдің әскери-техникалық ынтымақтастығы талқыланады

Мәскеуде Қазақстан мен Ресейдің әскери-техникалық ынтымақтастығы талқыланады

15 Тамыз, 2014 10:06
ҚР Қорғаныс министрі Серік Ахметов жұмыс сапарымен Мәскеуге аттанды. Сапар барысында Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы екінші «ОБОРОНОЭКСПО-2014» қару-жарақ, технологиялар және инновациялар көрмесіне барады.

Қорғаныс министрлігінде хабарлағандай, сапар аясында Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Әскери-өнеркәсіптік комиссияның, Өнеркәсіп және сауда министрлігінің, «Ростехнологии» мемлекеттік корпорациясының басшылығымен кездесулер жоспарланған.

Келіссөздерде әскери-техникалық ынтымақтастықты әрі қарай нығайту, ҚР мен РФ қорғаныс өнеркәсібі кешендерін дамыту, екі ел қарулы күштерін қазіргі заманғы қару-жарақпен және әскери техникамен қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланатын болады.

 

 

Барлық жаңалықтар