• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қарағанды облысында өз ісін бастаушы кәсіпкерлерге бизнес-тур ұйымдастырылды

Қарағанды облысында өз ісін бастаушы кәсіпкерлерге бизнес-тур ұйымдастырылды

15 Тамыз, 2014 09:51
Бұқар Жырау ауданында Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге арналған бизнес-тур өткізді.

Ұлттық палатада хабарлағандай, бизнес-турдің негізгі мақсаты – өз ісін бастаушы кәсіпкерлер арасында белсенділікті арттыру, яғни ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың ашылауына септігін тигізу.

Бизнес-турдың  бағдарламасы өте қызықты. Қатысушылар аймақтың әр аймағынан жиналды. Қарағанды, Теміртаумен қоса аталмыш шараға Ақтоғай, Абай, Шет, Қарқаралы аудандары да қызығушылық танытты. Сондай-ақ, турға Қазақстандық кәсіпкерлер қауымдастығының мүшелері мен өкілдері қатысты.

Бизнес-тур құс өсіретін фабрикадан басталды. Кәсіпорынның жетекшісі Сергей Сергин бизнестің құрылу тарихын бұлжытпай айтып өтті. Қаз бен үйрек өсірудің құпиясын айтып, қатысушыларға шағын-мастер класс өткізді.

Бизнес-тур  «Қалиев» ЖК, «Халал», сынды кәсіпкерліктерге барумен жалғасты.  Шара «Қарағанды-құс» ЖШС мекемесіне барумен аяқталды. Жас кәсіпкерлер кәсіпорындардың құрылуы мен бизнестің ашылу тарихымен танысты. 

Барлық жаңалықтар