- Басты
- Жаңалықтар
- Қ. Мәми Н.Назарбаевқа республика соттарының жартыжылдық жұмыс қорытындыларын баяндады
Қ. Мәми Н.Назарбаевқа республика соттарының жартыжылдық жұмыс қорытындыларын баяндады
Қазақстан Президенті Үкіметті қайта ұйымдастыру, оның құрамын ықшамдау бизнеске барынша жайлы жағдай жасауға бағытталғанын айтты.
«Осыған байланысты біз тексерулерді қысқартуға бағытталған, кәсіпкерлікті реттеудің мүлде басқа тәжірибесін енгіземіз. Тексерулерге 2015 жылға дейін мораторий жариялағаннан кейін жағдай нашарлаған жоқ: салықтар түсіп жатыр, бизнес субьектілері жұмыс істеп тұр. Бұл рұқсат беру жүйесінің көптеген үдерістері, түрлі тексерулердің түгелдей жосықсыз екенін айтып тұр», - деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев келер жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа кодекстер қолданысқа енетініне тоқталды. Ол құқық бұзушыларға экономикалық санкцияларды көбірек қолдануға және түрмедегілердің азаюына әкелуі тиіс.
Жоғарғы сот төрағасы елдегі сот төрелігінің жағдайы туралы баяндады. Бірінші жартыжылдықта соттарға келіп түскен арыздар мен істердің саны 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,5 пайызға ұлғайды. Медиаторлардың қатысуымен қаралған азаматтық істердің саны 475-тен 1911 –ге дейін өсті.
Қ.Мәми сондай-ақ электрондық сот өндірісін дамыту, сот қызметіндегі бюрократиялық үдерістерді азайту жұмыстары мен азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған шаралар туралы айтты.
Сонымен қатар, Жоғарғы сот төрағасы 4-5 қыркүйекте Астанада өтетін ШЫҰ елдерінің Жоғарғы сот төрағаларының ІХ отырысын өткізуге дайындық барысы туралы хабардар етті.
Кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы елдің сот жүйесін дамыту мәселелеріне қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда