- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев Санкт-Петербургтегі G20 саммитінің сессиясында сөз сөйледі
Н.Назарбаев Санкт-Петербургтегі G20 саммитінің сессиясында сөз сөйледі
Нұрсұлтан Назарбаев шақыруға ризашылығын білдіріп, жаһандық дағдарыстың бір себебі экономиканың нақты секторымен байланыссыз «сабынды көбік» түріндегі қаржылық құрылымдардың қарқынды дамуы екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы маңызды әлемдік шешімдерді қабылдау кезінде көптеген дамушы елдердің ұстанымы іс жүзінде назарға алынбайтынын айтты.
– Қазақстан тәрізді елдердің де пікірі еленуі үшін бұдан екі жыл бұрын менің тарапымнан G-GLOBAL жобасы бастама ретінде көтерілді. Ол G8-ге және G20-ға балама емес, қазіргі кезде ақпараттық-коммуникативтік алаң ретінде іске асырылып жатқан жаһандық диалогтың қосымша құралы ғана, – деді Қазақстан Президенті.
G-GLOBAL-ден бөлек Қазақстанның бастамасы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясының қолдауымен Астанада 104 елдің экономикалық ведомстволары жетекшілерінің қатысуымен Дағдарысқа қарсы бүкіләлемдік конференция өткізілді. Осы инновациялық жаһандық диалог форматына баса назар аударған Нұрсұлтан Назарбаев мейлінше өзекті проблемаларды шешуге қатысты өз көзқарасын ортаға салды. Осылайша әлемдік қаржы- валюталық архитектура барлық елдің мүддесін сақтауға эволюциялық жолмен келуге тиіс.
Мемлекет басшысының келесі ұсынысы әлемдік экономикадағы борышкерлік қатынастарды теңдестіруге байланысты болды.
– Мемлекеттік және корпоративтік қарыз алу көлемін реттеудің және бақылау жасаудың жаңа элементтерін әзірлеу әрі енгізу ұсынылады, – деді Қазақстан Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев дағдарысқа қарсы күресте өңірлік ықпалдастықтың маңызды рөл атқаратынын айта келіп, Қазақстан, Ресей және Беларусь құрған Кеден одағын мысалға келтірді.
– Қазақстан да Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудің қорытынды кезеңінде тұр. Бұл орайда осында отырған мемлекеттер мен үкіметтер басшыларынан 2013 жылдың соңына дейін Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне қолдау көрсетуді сұраймын, – деді Мемлекет басшысы.
Бұған қоса, Қазақстан Президенті біздің еліміз G20-ның «Жасыл климат қоры» жөніндегі бастамасын қолдайтынын мәлімдей келе, «Болашақтың энергиясы» тақырыбында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің Астанада өтетіні Қазақстанның «жасыл экономиканы» жаңғыртуының айғағы екеніне тоқталды.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев айтылған ұсыныстардың назарға алынып, аталған салалардағы қызметтің жандана түсетініне сенім білдірді.
-
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері баспасөз мәслихатын өткізді -
Ақберен Елгезек: Президент құр сөз болып қалатын дүниелерді емес, орындалуы тиіс нақты істерді айтты -
ҚР Президенті БҰҰ – ның 75 жылдығында сөз сөйледі -
Ұлттық кеңесте Президенттің сөйлеген сөзі (Толық мәтін) -
Мәжіліс «Парламент сөзі» сыйлығына өтінімдер қабылдауды бастайды -
Қ.Тоқаевтың мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында сөйлеген сөзі (Толық мәтін) -
Қ. Тоқаевтың Мемлекеттік комиссия отырысындағы сөйлеген сөзі (Толық мәтін) -
Елбасының сөзі - бұл қиын-қыстау заманда халыққа айтылған Ұлт көсемінің батасы – М.Споткай -
А.Сарым: Қазіргі қазақ баспасөзі билікке тәуелді -
Қ. Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысындағы сөйлеген сөзі -
Қ.Тоқаев неміс компанияларының алдында сөз сөйледі -
Қазақстан Беларусь авиация биліктерімен келіссөздер жүргізді -
Қ.Тоқаев пен С.Жээнбеков шағын құрамда келіссөздер жүргізді -
Қ.Тоқаев Ули Маурермен шағын құрамда келіссөз жүргізді