- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақ мәдениетін білуім германиялықтарға қазақ халқының жан дүниесін жеткізуге зор мүмкіндік берді - Я.Фишер
Қазақ мәдениетін білуім германиялықтарға қазақ халқының жан дүниесін жеткізуге зор мүмкіндік берді - Я.Фишер
14 Тамыз, 2014 17:07
Бүгін Қазақстан-Ресей университеті ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік және Келісім жол картасы» мега-жобасы аясында «Тіл - халық жанын танудың кілті» атты іс-шара өтті.
Ол мемлекеттік тілді насихаттауға арналды және ауқымды шараға Қазақстан Республикасының тумасы, белгілі неміс мәдениеттанушысы, тарихшы-этнографы, публицист және қоғам қайраткері Якоб Фишер қатысты.
«Қазақ тілі арқасында қазақ халқының жан-дүниесі мен үшін кеңінен ашылды. Қазақ мәдениетін білуім Германиялық тыңдаушыларға қазақ халқының жан дүниесін, оның салт-дәстүрін жеткізуге зор мүмкіншілік берді», - деді Я.Фишер.
Ол өзі атап өткендей, тыңдармандар қазіргі тәуелсіз Қазақстанның экономикасы, сыртқы саясаты мен мәдениетіне үлкен қызығушылық танытады.
Айта кетерлік жайт, Якоб Фишер өзінің Қазақстандық іссапарында еліміздің басқа да қалаларын аралап, театралдық, вокалды және би ұжымдарына мастер-класстар өткізеді.
Индира Кауметова
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері