- Басты
- Жаңалықтар
- Германияның танымал публицисі Қазақстандағы неміс мәдениетінің өкілдерімен кездесті
Германияның танымал публицисі Қазақстандағы неміс мәдениетінің өкілдерімен кездесті
Шара барысында дөңгелек үстел, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының тумасы, белгілі неміс мәдениеттанушысы, тарихшы-этнографы, публицист және қоғам қайраткері Якоб Фишердің «Қазақстанға ыстық ықыласпен» атты шығармашылық кеші өтті.
«Мен үшін бүгін үлкен мейрам, мен бүгін 59 жасқа толдым. Өзімнің кезекті туған күнімді Қазақстанның Астанасында қарсы алғаныма қуаныштымын. Мен Бұрын Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы неміс театрында жұмыс істедім және барлық мәдениет сарайының сахнасында өнер көрсеттім», - деді неміс мәдениеттанушысы, тарихшы-этнографы, публицист Якоб Фишер.
Айта кетерлік жайт, Якоб Фишер «Халық жолы. КСРО/ТМД немістерінің тарихы және қазіргі өмірі» жылжымалы көрме жобасының жетекшісі болып табылады. Ол Германия және ТМД елдерін аралай отырып неміс, орыс және қазақ тілдерінде Қазақ және Орыс елімен ұштасқан миллиондаған этникалық немістердің тарихын баяндайды.
Игі шараны Қазақстан халқы Ассамблеясы, Астана қаласының әкімдігі, «Возрождение» немістер қоғамы және «Жария халықаралық орталығы» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Оған Қазақстан Республикасы Парламент Мәжіліс депутаттары, Германия Федеративті Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі доктор Гидо Херц, Қазақстан Республикасының саяси және қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктер, ғалымдар және Астана қаласының қоғамдық ұйымдары қатысты.
Индира Кауметова
-
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
COVID-19: Германия екпе алмағандарға шектеу шарасын енгізбек, ал Италия қоғамдық орындардағы шараларды күшейтпек -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен -
Қазақстандағы миграцияның негізгі тенденциялары -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты -
COVID-19: Қазақстандағы эпидахуал, «қызыл» аймақтағы өңірлер және вакциналау барысы -
Қазақстандағы эпидахуал: Елорда мен аймақтарда карантин шаралары күшейтілмек -
«Қазақстандағы климаттың өзгеруі» байқауы: Шарттары мен талаптары -
Қазақстандағы эпидахуал: Коронавирус жұқтырғандар саны 1,6%-ға азайды -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
Әлемдегі және Қазақстандағы электронды сауданың даму перспективалары -
Қазақстандағы эпидахуал: Вирус жұқтырғандар саны, вакциналау және «Ашық» қосымшасы -
ЮНФПА-ның Қазақстандағы құрметті елшісі тағайындалды -
Ғылыми-зерттеудің әлемдегі және Қазақстандағы тенденциясы